Жыл соңында, жаңа жыл басталар тұста әрбіріміз «Бұған дейін не бітірдім, алдағы уақытқа қандай шараларды жоспарлаймын?» деген сауал төңірегінде бір сәт ойланары анық. 2024 Жаңа жыл есігімізден енгелі тұрған тұста біз де осы мақсатпен қолымызға қалам алдық.

Жаңа жыл – әлемдік мереке. Әрбір жан жаңа жылдан өзінше жақсылық пен оң өзгерістер күтеді. Әсіресе балалардың рухани тұрғыда ой-өрісі ертегі әлемімен ұштасып, қиялға беріле асыға күтетін мейрамы.

Шардара аудандық ардагерлер үйінде Жаңа жыл мерекесі қарсаңында алқалы жиын болып, елге мәлім еңбек ардагерлері түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков жиналған көпшілікті Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, аудан ардагерлерінің 2023 жылы жеткен жетістіктері мен атқарған жұмыстарын ерекше атап өтті.

Тәуелсіздік мерекесі  қарсаңында ауданымызда еселі еңбек етіп, өңірдің экономикалық, мәдени-әлеуметтік дамуына зор үлес қосқан ардагерлер марапаттарға ие болды.

Таяуда «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақ үні» газеті, Қазақстан Жазушылар Одағы мен «Түріксой» жастар бірлігінің ұйымдастыруымен Алаштың ақиығы, ұлтымыздың ұлы ақыны Мағжан Жұмабайдың 130 жылдығына орай «Тұран тұлғасы» тақырыбында халықаралық ақындар мүшәйрасы өткен болатын. Жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен арқалы ақындар қатысып, бақ сынады. Олардың қатарында жерлесіміз, ақын, ардагер ұстаз, аудандық «Әкелер мектебінің» төрағасы Нұрғали Ыбырайым да шығармасын сынап көрген еді.

Кешегі аптаның сенбісінде аудан әкімі Арман Қарсыбаев сала мамандары және кәріз жүйесінің құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлермен бірге қаланы аралады.