«Жылдың үздік білім беру мекемесі» – №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі (директоры Ғаниева Гүлжан Көбейқызы).

«Жылдың үздік ұстазы» – Шорабекова Айгүл Сәдуақасқызы, Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

«Жылдың үздік санитарлық дәрігері» – Назарбекова Сабира Шортанқызы, Шардара аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы.

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Жаңа жыл қарсаңында ауданның «Құрметті азаматы», ардагер ұстаз Жамал Төлешова, «Шартарап-Шарайна» газетінің редакторы, ауданның «Құрметті азаматы» Нұрмахан Қары және спорт ардагері Қалдаров Әбділаюханның шаңырағына барып, құттықтады. Аудан басшысы ардагерлерге арнайы Құттықтау хат пен сый-сияпат тапсырып, жағдайларын сұрап қайтты.

Жаңа жыл – бәріміздің ерекше тағатсыздана, үлкен дайындықпен, әрбір шаңырақтың қуана қарсы алатын мерекесі! Біз де бұл мерекені тойлауда сырт қалған жоқпыз...

Кеше ҚР Парламенті сенатының депутаттар Али Бектаев, Мұрат Қадырбек және Алишер Сатвалдиев Шардара ауданына келіп, аудан әкімдігінің мәжіліс залында ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестік өкілдері және жастармен кездесті.

Иә, жылдарды үміт жалғайды. Үміт – өмір. Тіршілік те үміттен тұрады. Біздің өткенімізге салауат айтып, келер күннен, келер жылдан үміт күтетініміз сол. Тағы бір жылды қорытындылап, тарих қойнауына шығарып салғалы тұрмыз. 

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жеке азаматтар да, ұжымдар да алдағы жылды көтеріңкі көңілмен атап өтуге тырысады. Бірі мерекені отбасында қарсы алса, енді біреулері ұжыммен бірге атап өтеді. «КЕУиК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінiң кәсiпкерлерi «Жастар» мейрамханасында Жаңа жыл қарсаңында осындай ұжымдық  корпоративтiк кеш өткiздi.