Өткен аптада Шардара қаласындағы Спорт кешенінде дзюдо күресінен 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында «SHARDARA OPEN CUP – 2023» жарысы өтті. Аталған жарысқа облысымыздың түкпір-түкпірінен келген боз кілем шеберлері қатысып, өзара бақ сынады.

Өткен аптада «Таза су айдындары» табиғатты қорғау республикалық акциясы аясында Шардара су қоймасының жағалауында кең көлемде  сенбілік өткізілді. Жағалауды күл-қоқыстардан тазарту мақсатында ұйымдастырылған сенбілікке барлығы 300-ге жуық еріктілер қатысты.

Сәуір айының 1-4 жұлдызы аралығында Түркістан қаласындағы «OLYMPIC CENTER» спорт кешенінде бокстан 2000 жылғы Сидней Олимпиада ойындарының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, «Барыс» орденінің тұңғыш иегері, талантты боксшы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған халықаралық турнир болып өтті.

Былтыр Шардара ауданында құны 1,7 млрд теңгені құрайтын жаңа 10 инвестициялық жоба іске асырылып, 118 жаңа жұмыс орны ашылған.

Бокстан Үндістан астанасы Делиде әйелдер арасында әлем чемпионаты аяқталды. Сайыс нәтижесінде қазақстандықтар 2 күміс және 4 қола медаль еншіледі. Ел қоржынына соңғы жүлдені аса ауыр салмақтағы (+81 кг) Лəззат Күнгейбаева салды.

Наурыз мейрамы – ұлттық салт-дәстүрлердің маңызын сезінуге және дәріптеуге бағытталатын ерекшелігімен де құнды. Мереке аясында Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі және аудандық Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен «Наурыз – тарту» ұлттық тағамдар байқауы ұйымдастырылды.