- Қаралды: 627
Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Қазақтың көркем тілі – көркем әдебиетінде. Әлемдік әдебиетпен қашанда білімімізді шыңдап, ізденуден жалықпай оқи берген абзал. Өйткені қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тіліне аударылған әлем әдебиетін оқуға баулу мақсат етілді.
- Қаралды: 630
21 сәуір күні аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Ш.Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай «Көркемсөз оқу шеберлерінің» аудандық байқауы өткізілді.
- Қаралды: 651
Адам өмірінде мамандық таңдау – аса маңызды. Оңы мен солын танып үлгермеген мектеп оқушылары мамандығын дәл таңдайды деп айтсақ, артық айтқандық болар еді.
- Қаралды: 687
Арамызда қиналған жандарға қол ұшын созып, жомарттық танытатын жандардың болғаны қандай жақсы! Көп жылдан бері баспаналы бола алмай жүрген көпбалалы отбасылар үйлі-баранды болып жатқандағы қуаныштарын айтсаңызшы...
- Қаралды: 770
Қаладағы №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектепте биылғы жылдың 17 маусымы мен 23 маусымы аралығында Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өткізілетін «Айбын–2023» IX Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына аудан мектептерін қатыстыру мақсатында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен іріктеу сайысы өтті. Оған қаладағы тоғыз мектеп пен №16 колледж қатысты.
- Қаралды: 649
Апта барысында сегізінші шақырылымдағы Шардара аудандық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Арман Қарсыбаев ашып, жүргізіп отырды. Сессия отырысына аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Жетпісбаев, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Т.Әлімқұл қатысты.
Парақ 69 барлығы 160