Батыстағы ағайынның малы жұтқа ұшырап жатқандығын естiген Қоссейiт ауылының белсендi азаматтары да қарап қала алмады. Олар қиналған жандарға көмек көрсету мақсатында ел iшiнде үгiт-насихат жүргiзiп, көпшiлiктi игi iстерге жұмылдыра бiлдi. Нәтижесiнде, ауыл азаматтары 800 дана бума шөп жинап, батысқа аттандырды.

Ауыл тұрғындары осы iстiң басы-қасында жүрген Сансызбай Жүсiпов, Марат Шынтаев, Жалғас Темiров, Данияр Рамашовтардың жақсы iстерге ұйытқы болғандарына дән риза.

– Елдiң басына қиындық түскенде қол ұшын созу адами мiндетiмiз әрi парызымыз,-дейдi қоссейiттiк белсендi жастар.

Рүстем Ерғалиұлы.

Апта барысында аудан әкiмi Қ.Жолдыбай Достық, Ақшеңгелдi, Сүткент және Қызылқұм ауылдық округтерiнде болып, шаруалар мен кәсiпкерлердiң жай-күйiмен танысты.

Өткен аптада ауданымызда ауыл шаруашылығы  дақылдарын  ағын сумен қамтамасыз ету және  ағын су тарифi мәселелерi бойынша мәжiлiс өттi.

Мәжiлiске аудан әкiмi Қ.Жолдыбай, Түркiстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Бадырақов, «Қазсушар» РМК Түркiстан облыстық филиалының басшысы М.Керiмжанов, «Қазсушар» РМК ТОФ Шардара өндiрiстiк бөлiмшесiнiң басшысы Е.Иса және бөлiмше қызметкерлерi, аудандық ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң қызметкерлерi мен ауыл әкiмдерi, ауыл шаруашылығы өндiрiстiк кооперативтерiнiң басшылары қатысты.

Шардара қалалық қоғамдық кеңесiнiң кезектi жиыны болды. Онда қоғамдық кеңес төрағасы Жаңабай Жамантай қалада азық-түлiктiң қымбаттауы, жазғы маусымда  адамдардың суға кетуiнiң алдын алу, қаладағы тазалық жұмыстары және ауданның Құрметтi азаматтығына  ұсыныс берiлгендердi зерделеуден өткiзу бойынша айтып, қоғамдық кеңес мүшелерiне қаладағы қандай бiр жағдай болмасын одан сырт қалмауды атап өттi.

25 шiлде күнi елiмiзде ауыл әкiмдерiнiң сайлауы өтетiнi баршаға белгiлi. Бiздiң ауданымызда осы күнi Жаушықұм ауылының әкiмi сайланады.

Шiлде айының 2-5 күндерi аралығында Литва елiнiң Каунас қаласында гiр көтеру Әлем чемпионаты болып өттi.