ЖЕРЛЕСІМІЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!
- Қаралды: 431

Шардара ауданының мақтанышы, жас балуан Пахитжан Нұрислам жуырда Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен грек-рим күресінен Азия чемпионатында (U15 санаты) жеңімпаз атанып, Түркістан облысы тарихында алғаш рет Азия чемпионы атағын иеленді. Бұл – Нұрисламның жеке жетістігі ғана емес, аудан мен облыс спорт тарихындағы үлкен оқиға.
ЖАУШЫҚҰМ — ҚАЛҒАНСЫР БАҒЫТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ МАҢЫЗДАҒЫ ЖОЛ САЛЫНАДЫ
- Қаралды: 452

Шардара ауданында аудандық маңыздағы KXSH-18 «КХ-18 Жаушықұм – Қалғансыр» автомобиль жол салу жұмыстары басталады. Ұзындығы 8,3 шақырым, ал ені 5 метр болатын бұл жол көлік қозғалысын жақсартуға және өңір тұрғындарының қатынауын жеңілдетуге бағытталған.
ҰЛТТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
- Қаралды: 514

Биыл еліміз бойынша 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтетінін бұдан бұрын да хабарлағанбыз. Жуырда осы мәселеге орай аудан әкімінің орынбасары Жұмасұлтан Бердешовтің төрағалығымен БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Шардара аудандық статистика басқармасының басшысы Сапархан Дүйсенов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Гүлзиба Домбаева қатысты.
ЖАҢА ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
- Қаралды: 473

Апта барысында аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев сала мамандарымен бірге қала аумағындағы бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
ЕКІ ВОЛЕЙБОЛШЫМЫЗ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
- Қаралды: 545

22-29 маусым аралығында Өскемен қаласында волейболдан 2013-2014 жылдары туылған ұлдар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Осы жарыста Түркістан облысының құрама командасы 1 орын иеленді.
АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ
- Қаралды: 342

Кешегі аптаның соңында аудан әкімі Арман Қарсыбаев «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың арыз-өтініштері бойынша жеке қабылдау өткізді.
Парақ 32 барлығы 221





