АБАЙДЫҢ ТУҒАН КҮНІ 10 КҮН ҚАТАРЫНАН ТОЙЛАНБАҚ
- Қаралды: 341

1-10 тамыз аралығында елімізде Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған ауқымды мерейтойлық шаралар өтеді. Іс-шаралар халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейде ұйымдастырылады.
ЖАҒАЖАЙЛАРДЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАТАҢ ТАЛАПТАР ҚОЙЫЛДЫ
- Қаралды: 1667

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Шардара ауданына жұмыс сапарымен келіп, «Шардара» су қоймасы маңындағы жағажайларды аралап көрді. Туристік нысандардың жай-күйімен танысып, санитарлық тазалық және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қадағалады. Жауапты тұлғалар мен жағажай жұмысын жүргізіп жатқан кәсіпкерлерге анықталған кемшіліктер бойынша сын-ескертпе айтып, нақты тапсырмалар берді.
ПРОКУРОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
- Қаралды: 518

15 шілдеде Шардара аудандық прокуратурасында кадрлық өзгерістер орын алды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Еркебұлан Каратуновтың төрағалығымен өткен аппарат жиналысында Шардара ауданының прокуроры Алмас Әлі көпшілікке аудан прокурорының жаңа орынбасары болып Елшібаев Нұрмахан Рысбекұлының тағайындалғанын жеткізді.
ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАР ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
- Қаралды: 491

9 шілде күні Шардара аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Тұрақты комиссия отырысын комиссия төрағасы Б.Кеншім жүргізіп отырды.
МИНИСТР АУЫЗСУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
- Қаралды: 454

Жуырда ҚР Су ресурстары және ирригациялар министрі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен Шардара қаласына арнайы ат басын бұрды. Аудан әкімі Арман Қарсыбаев жұмыс сапарымен ауданымызға келген министрді Шардара қаласын ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған негізгі инфрақұрылымдық нысандардың жағдайымен таныстырды.
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АУДАНДА ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ
- Қаралды: 457

Өткен аптада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев жұмыс сапарымен Шардара ауданына келді. Іссапар аясында халық қалаулысы ауданда іске асырылып жатқан бірқатар жобалармен танысты.
Парақ 31 барлығы 221





