Кеше аудан әкімі Қайрат Жолдыбай ауданымыздағы түрлі сайыстар мен жобалардың үздігі атанған дарынды оқушылар мен әлеуметтік желі арқылы бүкіл елге танылып үлгерген 4 жасар математик Ислам Қанатбекұлын қабылдады.

Шардара ауданы әкімінің өкімімен Айдаров Еркебұлан Тоқтарұлы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында полицияның сервистік моделіне көшу,  «Жұртқа жақын полиция» қағидатын қалыптастыру тапсырылған.

Адамзат баласының өз-өзіне қол жұмсауын ғылыми тілде «суицид» деп атайды. Суицид дегеніміз – бұл саналы түрде өмір сүруді тоқтату, яғни, осы тұрғыдан қарағанда өзіне-өзі қол жұмсау адамның мінез-құлық актісі болып табылады.

«Қыс – қатал сыншы» екенін соңғы 10-15 күннен бері сезініп жатырмыз. Ауа-райын зерттеушілердің мәліметінше, аяздың беті қайтқанымен суық бірнеше күнге созылатын түрі бар.