Апта басында аудандық мәдениет үйінде жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің жастары» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді. 

Өткен аптада аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы болып өтті. Мәжіліске аудан әкімі Қ.Жолдыбай, аудандық мәслихат хатшысы А.Қарсыбаев, қала, ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары мен аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

2022 жылғы 18 желтоқсанда Қоссейіт ауыл округінде  ауыл әкімінің сайлауы өтті.

Жуырда тұрғындардың табысын арттыру жобасын жүзеге асыру үшін аудан көлеміндегі (оның ішінде ауылдық округтердің) ерекшелігін және әлеуетін, климаттық ерекшелігін ескере отырып, қандай бағыттағы кәсіптің түріне баулу тиімділігін, бағдарлама бойынша несиелендірудің басым бағыттарын  анықтау және түсіндіру бойынша аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жиналыс өтті.

Құрметті   шардаралықтар!

Баршаңызды 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігі күні мерекесімен  шын  жүректен  құттықтаймыз!

МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ 125 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ

Қайран, қазақтың дара болмысы Алаштың небір мықтыларымен дараланып, жоталанып тұрған екен-ау!

«Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге ала жүретін екі түрлі ұлттық асыл кітабым бар: бірі «Манас», бірі «Мұхтар Әуезов» деген екен қырғыз жазушысы Ш.Айтматов.