Кешегі аптада ауданымызда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен аудан орталығында жәрмеңке ұйымдастырылды.

Өткен аптада аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында Президентіміз Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес аудан, қала жастарына білім беру, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік мәселелері бойынша ақпарат беру үшін Түркістан облысы бойынша құрылған жұмысшы топ жастарды қолдау мақсатында үгіт-насихат жүргізді.

Осы аптаның сәрсенбісінде «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында» аудандық прокуратураның аға прокуроры Досым Төлепберген, Шардара аудандық полиция бөлімі ЖПҚБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Серік Естаев, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Өмірбек Рүстем мен аудандық «Атамекен» ҰКП директоры Жәнібек Қамбаровтың және де аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен жиын өтті. Жиында кәсіпкерлердің қызметтері бойынша рэйдерлік жаулап алу іс-әрекеттері орын алған жағдайда қай мекемеге шағымдануға болатыны туралы және алдын алу іс-шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының м.а. Ернат Жүнісов биылғы оқу жылында нысаналы мемлекеттік білім беру тапсырмасы аясында кәсіпорындардың сұранысы бойынша 10 мыңнан астам адам колледждерге қабылданғанын атап өткен болатын. Бұл дегеніміз жастардың, яғни, жас мамандардың қажеттілігі едәуір деген сөз. Бүгінгі күні түлектер дипломын қолына ала сала, қай бағытта жұмыс жасау керектігін білмей, алған мамандығы емес, бұйырған жұмысы бойынша әрекет етуде.

Биылғы 20 қараша қазақ елі үшін ерекше, тарихи шешім қабылданған күн. Өйткені, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтті. Саяси бәсі өте жоғары шараға шардаралықтар да белсенді түрде қатысты.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардара ауданы тұрғындарымен кездесті. Жүздесуде тұрғындар тарапынан инфрақұрылымды жақсарту, мектеп тапшылығы,  жол, каналдарды жөндеу, электр мәселелері бағытында сұрақтар қойылып, өтініштер айтылды.