- Қаралды: 731
Қараша айының 6-8 күндері Шымкент қаласында қазақ күресінен 2003-2004 жылы туылған жастар арасында Шымкент қаласы әкімінің жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті. Аталған жарыста республикамыздың түкпір-түкпірінен келген боз кілем шеберлері бас қосты.
Осы жарыста жерлестеріміз 66 кг салмақта Нұрманов Қабылбек алтыннан алқа тағынса, 66 кг салмақтағы Амангелді Сәуірбай мен 100 кг салмақтағы Сайлаубек Рамазан күміс жүлдені еншіледі.
Жеңіс құтты болсын, жерлестер!
«Өскен өңір» – ақпарат.
- Қаралды: 740
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Шардара армспорт» спорт клубына барды. Бүгінде армрестлинг спортынан Шардарадан 102 әлем чемпионы шығып отыр. Шағалалы Шардара ауданына жұмыс сапарымен барған өңір басшысы даңқы асқақтап тұрған спорт клубының сайыпқырандарымен жүздесті. Пікір алмасып, жетістіктерін жоғары бағалады.
- Қаралды: 740
Апта басында Түркістан облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен Шардара аудандық мәдениет үйінде кең көлемде «Заң керуені» акциясы өтті.
- Қаралды: 897
Қазақ халқының қолөнері – табиғи шикізатты пайдалана отырып, тұрмыста қолдануға ыңғайлы сәнді бұйымдар жасайтын өндіріс. Соның ішінде ою-өрнектің орны ерекше.
- Қаралды: 882
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің келісімі бойынша Түркістан облысы Полиция департаментінің бұйрығымен полиция полковнигі Шералы Әділханұлы Әбдіраманов Шардара аудандық полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
- Қаралды: 756
Адам баласының денсаулығын арттырудағы негізгі қағида – әрбір азамат ішімдіктен бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануы қажет. Мұны сөз жүзінде айтып қана қоймай, көпшілік арасында түрлі шаралар жүзеге асырылуы қажет.
Парақ 86 барлығы 160