Кәсiпкерлiк еңбектiң басқа түрлерiнен үнемi оқшауланып тұрады. Бүгiнгi күнi әлемде кәсiпкерлiктiң жалпыға бiрдей нақты қалыптасқан анықтамасы жоқ. Ол дербес бастамаға, жауапкершiлiк пен жаңашыл кәсiптiк идеяға негiзделген экономикалық белсендiлiктiң ерекше түрi деп айтуға болады.

(«Халықты жұмыспен қамту орталығының» 2022 жылдың 6 айында атқарған жұмыстар туралы мәлiмет)

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекiтiлген «2021-2025 жылдарға арналған кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi ұлттық жоба» шеңберiнде 2022 жылы 2015 адамды жұмыспен қамтудың белсендi шараларына қатыстыру жоспарланып, 6 айда 1060 адам қатыстырылды. Оның iшiнде: 287 жастар, 215 аз қамтамасыз етiлгендер, 37 мүгедектiгi бар адамдар.

Құрметті Шардара ауданының зейнет жасындағы тұрғындары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтары, «Шардара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету» орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері сіздерді, Шардара қаласы, Қазбек би көшесі, №80 үйде орналасқан орталыққа келіп, төменде көрсетілген қызметтерді алуларыңызды сұрайды. Қызмет алу ақысыз.

Көрсетілетін қызмет түрлері:

  1. Емдік дене шынықтыру(иога).
  2. Психологиялық көмек.
  3. Шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, үстел теннисі,бильярд.
  4. Тренажер залы.
  5. Кітапхана.
  6. Массаж.
  7. Құқықтық көмек.
  8. Сенцорлық бөлме.

 «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ.

 

Қазақ көне заманнан сөзге шешен халық. Ата-бабаларымыз айтар ойын астарлап, тұспалдап айтуға келгенде алдына жан салмаған десек артық айтқандық емес. Кез келген қазақ екі ауыз сөзді ұйқастырып айта алған. Сондықтан да өзге халықтар қазақтар жайлы «Әу демейтін қазақ жоқ» деп баға берген.

Шардара аудандық соты 1969 жылдың қараша айында құрылған. Аталған мекеме ол кезде Шардара ауданының халық соты деп аталған.

1969 жылдың қараша айында соттың алғашқы төрағасы болып Ұлы Отан соғысының ардагері Манекеев Тауасар ағамыз тағайындалып, 1980 жылдың желтоқсан айына дейін төрағалық қызметті атқарған. Денсаулығына байланысты төрағалық қызметтен халық судьялық қызметке ауысып, 1986 жылдың тамызына дейін осы қызметін атқарды.

Өткен аптаның жұмасында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Шардара ауданы тұрғындарымен кездесуі болып өтті.

Облыс әкімі алдымен «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты.  Мұнда зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға емдік-сауықтыру қызметі көрсетіліп жатыр.