Кеше аудан әкiмi Қ.Жолдыбай Шардара қаласындағы бiрқатар құрылыс нысандарын аралап, ондағы жұмыстардың барысын қадағалады. Аудан басшысы әуелi 14 Бекет елдi мекенiнде орналасқан 300 орындық А.Иманов атындағы жалпы орта мектебiнiң құрылысымен танысты. Аталған нысанның жұмысы аяқталғанымен, әлi де кемшiн тұстары бар екенiн, оны жаңа оқу жылына дейiн жою керектiгi туралы жауапты мамандарға ескерттi.

Шiлденiң 20-22 күндерi Отырар ауданында «Балалар жылына» орай волейболдан ересектер (ұлдар) арасында Түркiстан облысының IV спартакиадасы өткiзiлдi. Аталған жарысқа облысымыздың түкпiр-түкпiрiнен келген ала доп шеберлерi бас қосты. Осы жарыста  Шардара командасы жүлделi  II орынды қанжығасына байлады.  

Жүлделi орыннан көрiнген спортшыларымызды және ауданымыздың бiлiктi жаттықтырушысы Мырзабеков Олжасты жеңiстерiмен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жеңiстi күндерден көрiне беруiне тiлектеспiз!

"Өскен өңір" ақпарат.

2022 жылдың 1 тамызы мен 31 қыркүйегi аралығында  аз қамтылған және көпбалалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңiнде көмек көрсету мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткiзiледi.

Таяуда қазақстандықтар үшiн кәсiпкерлiктi оқытатын жоба – «Бастау Бизнес» жобасы басталды. Аталмыш жобаға өтiнiм қабылданып, оқыту шаралары басталып кеттi.

АУДАНЫМЫЗДЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРI ӨТТI

15-16-17 шiлде күндерi Түркi жұртының төрi – Түркiстан қаласында «Түркiстан – Түркi әлемiнiң жүрегi» атты Шардара ауданының мәдени күндерi болып өттi.

Жаз мезгiлiнде  жемiс-жидек, көкөнiстердi  жиi тұтынатынымыз белгiлi. Дүкендер мен сауда сөресi ерте пiскен жемiс-жидектерге толып, оның  саудасы қызуда.