Аты аңызға айналған Отырар – ортағасырлық ежелгi қала, ұлылар дүниеге келген қасиеттi мекен. 

Шiлде айының соңғы аптасында Нұр-Сұлтан қаласында кiшi футболдан «Uragan Cup 2022» республикалық жарысы өттi. Аталған жарыста Шардара аудандық №3 балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiнiң оқушысы, қазiргi таңда «Royal-Astana» командасында қаралымда жүрген оқушымыз Жұматай Санжар Жандосұлы командасымен бiрге осы жарыстың 3 орынын иелендi. Аяқ доп шеберлерiнiң бәсекесiнде Санжар 4 ойында 1 гол, 2 нәтижелi пас берiп, «Uragan Cup 2022» республикалық жарысының үздiк ойыншысы» атанды.        

Жеңiске жеткен жерлесiмiздi және жаттықтырушысын жеңiстерiмен құттықтай келе, алдағы уақытта да жеңiс тұғырынан көрiне беруiне тiлектеспiз.

«Өскен өңiр» – ақпарат.

Аптаның алғашқы күнiнде аудан әкiмi Қайрат Жолдыбай тұрғындарға жеке қабылдау өткiздi.

Қабылдауда болған тұрғындар тарапынан инфрақұрылымға байланысты және тағы да басқа  әлуметтiк мәселелер айтылды.

Кеше аудан әкiмi Қ.Жолдыбай Шардара қаласындағы бiрқатар құрылыс нысандарын аралап, ондағы жұмыстардың барысын қадағалады. Аудан басшысы әуелi 14 Бекет елдi мекенiнде орналасқан 300 орындық А.Иманов атындағы жалпы орта мектебiнiң құрылысымен танысты. Аталған нысанның жұмысы аяқталғанымен, әлi де кемшiн тұстары бар екенiн, оны жаңа оқу жылына дейiн жою керектiгi туралы жауапты мамандарға ескерттi.

Шiлденiң 20-22 күндерi Отырар ауданында «Балалар жылына» орай волейболдан ересектер (ұлдар) арасында Түркiстан облысының IV спартакиадасы өткiзiлдi. Аталған жарысқа облысымыздың түкпiр-түкпiрiнен келген ала доп шеберлерi бас қосты. Осы жарыста  Шардара командасы жүлделi  II орынды қанжығасына байлады.  

Жүлделi орыннан көрiнген спортшыларымызды және ауданымыздың бiлiктi жаттықтырушысы Мырзабеков Олжасты жеңiстерiмен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жеңiстi күндерден көрiне беруiне тiлектеспiз!

"Өскен өңір" ақпарат.

2022 жылдың 1 тамызы мен 31 қыркүйегi аралығында  аз қамтылған және көпбалалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңiнде көмек көрсету мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткiзiледi.