Өткен аптаның жұмасында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Шардара ауданы тұрғындарымен кездесуі болып өтті.

Облыс әкімі алдымен «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты.  Мұнда зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға емдік-сауықтыру қызметі көрсетіліп жатыр.

Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Біреуге жақсылық жасау – қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Сондай жандардың арамызда болғаны қандай жақсы.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне қарасты Шардара қаласы, Қ.Тұрысбеков көшесі бойынан судан құтқару бекетіне су жаңа ғимарат табысталды.

Аптаның сәрсенбісінде аудандық мәдениет үйінде Шардара, Мақтаарал, Отырар, Созақ, Жетісай, Арыс аудандарының орман шаруашылығы комитетінің өкілдері мен «Шопан ата» ұлттық мал өсірушілер қауымдастығы мүшелерінің қатысуымен алқалы жиын өтті. 

Дәл қазіргі таңға дейін ауданымыздың дихандары 5300 тонна бақша өнімін Қазақстан аумағынан бөлек Ресей, Моңғолия және өзге де ТМД елдерінің нарығына экспортқа шығарды.

Апта басында аудан прокуратурасының бастамасымен аудан әкімдігі және «Атамекен» ҰКП  Шардара аудандық филиалымен бірлесіп, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында атқарылған жұмыстар, кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін анықтау және олардың шешу жолдарын қарастыру мақсатында кәсіпкерлердің қатысуында кездесу өткізілді.