Дүниеге келген әрбір жанның, мынау қарбалас, тынымсыз тіршілікте алатын өзіндік орны, дәрежесі, сыйы, құрметі, абырой-атағы болары сөзсіз. Ал ол әр адамның еселі еңбегі мен тынымсыз ізденісіне, қажыр-қайраты мен адамгершілік қасиетіне, білім мен біліктілігіне, пайым-парасатына байланысты.

Шардара аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұжымы еңбек ардагерлерінің ерен еңбектерін насихаттауда сүбелі үлес қосып жүр. Осы мақсатта музей қабырғасында көрмелер ұйымдастырылып, кездесулер өтіп тұрады. Музей қызметкерлерінің апта барысындағы кезекті іс-шарасы «Еңбегін ел құрметтеген» атты көрме аясында ардагер құрылысшы, ауданымыздың Құрметті азаматы Ақбердиев Оралбай Бердалыұлының өміржолына арналды.

Тұрғанбек Қанаев – өңірімізге белгілі ақын, қаламгер, еңбек ардагері. Шаруашылық жұмыстарымен қатар қолынан қаламын тастамаған Тұрекеңнің қаламынан туған туындылар туған елдің тұғырын биіктетіп, тұлғаларын жұртшылыққа танытты. Одан бөлек, халықтың мұң-мұқтажын да қаламына арқау етіп, диқандар қауымы үшін өзекті деген мәселелердің шешімін табуына үлес қосты.

Шардарада еңбек етіп, одан кейінгі жылдардағы қызметін үлкен қалаларда жалғастырған танымал тұлғалар аз емес. Олардың әртүрлі салаларда атқарған абыройлы істері бұл күндері шардаралықтар үшін мақтаныш болып мәңгі есте қалды. Сондай абзал азаматтың бірі және танымал ғалым болған зиялы жан – Егемберді Ағманұлы Ағманов еді.

Түгел Лесбеков жайлы бір үзік сыр

Бүгінде парасат-пайымы бөлек, ой өлшемі ерен, әр сөзінің әрі мен нәрі терең, еліне ұйытқы, қызметте абыройлы болған ағаларымыз әлі де бар. Оларды көненің көзі, заман қанша өзгергенмен сырт сипатын жоғалтпаған, өз жерінің ардақтысы, абыройлы ақсақалы десе де болады. Сондай жандардың бірі – «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамында ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен, бүгіндері жасы 80-ді алқымдаған Лесбеков Түгел ағамыз.