Өскен өңір
Toggle Navigation
  • Бастапқы
  • Газет туралы
  • Саясат
  • Қоғам
  • Спорт
  • Шардара шежіресі
  • Архив ПДФ
  • Әралуан
Таза Қазақстан 1
Таза қазақстан 2
Таза Қазақстан 3
Таза қазақстан 4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ ТУРАЛЫ

2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар.

Мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.

Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты бола алады.

Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың:

- сотталғандығы заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адамның;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адамның сайлануға құқығы жоқ.

Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, екінші жартысы – бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Мәслихаттар депутаттығына:

- партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;

- бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса,олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.

Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Дүниежүзілік мақта күніне орай, Түркістан облысында «AQ-DALA – 2026» салтанатты іс-шарасы өтіп, ау...

Толық оқу

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУДА
Шардара ауданында ауыл шаруашылығы саласы аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі саналады....

Толық оқу

АУДАН ТЫНЫСЫ

АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРА...
АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Толық оқу

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУДА

Толық оқу

ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙ...
ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ

Толық оқу

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ДЕБАТ ӨТТІ

Толық оқу

АУДАН ӘКІМІ ЕГІСТІК ...
АУДАН ӘКІМІ ЕГІСТІК АЛҚАП БАСЫНДА

Толық оқу

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН...
ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ХАЛЫҚПЫЗ

Толық оқу

СҮТКЕНТ АУЫЛЫ – «ҚАЗ...
СҮТКЕНТ АУЫЛЫ – «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА – 2026» КОНКУРСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

Толық оқу

ҰСТАЗДАРҒА ЗОР ҚҰРМЕ...
ҰСТАЗДАРҒА ЗОР ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Толық оқу

ҰЛТТЫҚ СПОРТТАҒЫ ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Жарияланды: 19 Қаңтар 2024
Қаралды: 7658

Апта барысында аудандық мәдениет үйінде ұлттық спорт түрлерінен 2023 жылғы «Жыл үздіктері» атты шара өтті. Үздіктер көкпар, қазақ күресі, аударыспақ, тоғызқұмалақ, құсбегілік және асық ату секілді ұлттық спорт түрлері бойынша марапатталды.

Толық оқу ...

ТҰҢҒЫШ РЕТ АУДАРЫСПАҚТАН "АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ" ӨТТІ

Жарияланды: 22 Желтоқсан 2023
Қаралды: 4994

Апта барысында Шардара қаласында аударыспақтан жасөспірімдер және ересектер арасында тұңғыш рет «Шардара ауданы әкімінің кубогы» өткізілді. Аталған жарысқа ауданымыздың түкпір-түкпірінен келген балуан жігіттер қатысып, өз бақтарын сынады.

Әр салмақ бойынша жеңімпаз деп танылған балуандарға арнайы диплом, грамота, кубоктар табыс етілді.

Өз тілшімізден.

 

ЯДРО ЛАҚТЫРУДАН АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ ӨТТІ

Жарияланды: 22 Желтоқсан 2023
Қаралды: 3034

Өткен аптаның соңында Шардара қаласында ядро лақтырудан 2008-2009, 2010-2011 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Шардара ауданы әкімінің кубогы» өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Айдаров сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Толық оқу ...

АЗИЯ КУБОГЫНДА 23 ЖЕРЛЕСІМІЗ АЛТЫННАН АЛҚА ТАҒЫНДЫ

Жарияланды: 01 Желтоқсан 2023
Қаралды: 794

Қараша айының 17-25 күндері аралығында Өзбекстан елінің Самарқанд қаласында армрестлингтен Азия кубогы өтті. Аталған байрақты бәсекеге Азия құрлығының бірқатар елдерінен құрыш білекті спортшылар қатысып, жарыс тартысты әрі қызықты өтті. Ел намысын қорғап барған жерлестеріміз байрақты бәсекеде өз мықтылықтарын тағы бір дәлелдеп, 23 алтын алқаны қанжығалады.

Толық оқу ...

ӘЛЕМДІК ЖЕКПЕ-ЖЕК ОЙЫНДАРЫНАН 5 АЛТЫН ОЛЖАЛАДЫ

Жарияланды: 03 Қараша 2023
Қаралды: 595

Бірнеше күннен бері Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында әлемдік жекпе-жек ойындары өтуде. Аталған әлемдік додада Қазақстан құрама сапында «Шардара Армспорт» клубының спортшылары қол күресі бойынша еліміздің намысын қорғады. Бұған дейін де талай-талай дүбірлі додаларда топ жарып жүрген жерлестеріміз бұл жолы да алтыннан кенде болмады. Нақты айтсақ, 5 спортшымыз Әнұранымызды шырқатып, ел абыройын асқақтатты.

Толық оқу ...

ЖЕРЛЕСІМІЗ ҚАЖЫМҰҚАН ТУРНИРІНІҢ «ТҮЙЕ БАЛУАНЫ» АТАНДЫ

Жарияланды: 06 Қазан 2023
Қаралды: 775

Түркістан облысында қазақ күресінен аламан дода аяқталды. Қазақтың дара перзенті, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовты еске алуға арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы Азия кубогы сайысы өз мәресіне жетті.

Толық оқу ...

Парақ 202 барлығы 221

  • 197
  • 198
  • 199
  • ...
  • 201
  • 202
  • 203
  • 204
  • ...
  • 206

СОҢҒЫ МАҚАЛАЛАР

  • АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
  • АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУДА
  • ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ
  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ДЕБАТ ӨТТІ
  • АУДАН ӘКІМІ ЕГІСТІК АЛҚАП БАСЫНДА

                     

                    ПДФ НҰСҚА

    

  

 

Құрметтi оқырман!

Өз газеттерiңiз, сүйiктi басылымдарыңыз – «Өскен өңiрге» 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жазылу басталғанын назарларыңызға саламыз.

Газетiмiзге 6 айға аудандық «Қазпошта» арқылы 3065 теңге және «Ернұр-пресс» ЖШС арқылы 2718 теңгеге жазылуға болады.

Сонымен бiрге редакцияның өзiнде де жазыла аласыздар.

Газеттiң индексi – 66731.

ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ

Жерлесіміз Құлмырза Бексұлтан Жапонияның Нагоя қаласында 18-24 қазан аралығында өтетін V Азия Пара ойындарына қатысады.

Толық оқу ...

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ХАЛЫҚПЫЗ

Жуырда «Қарттар күнінің» құрметіне Ұзын ата ауылдық мәдениет үйінде «Қарты бар ел – қазыналы ел» тақырыбында аудандық термешілер байқауы болып өтті.

Толық оқу ...

ЖЕРЛЕСІМІЗ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ!

Жуырда Грузияның астанасы Тбилиси қаласында пара дзюдодан әлем чемпионаты болып өтті. Бұл дүбірлі додада Қазақстанның көк туын қорғаған спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Толық оқу ...

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА 6 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қырғыз Республикасында 31 тамыз-6 қыркүйек аралығында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді.

Толық оқу ...

 

"ӨСКЕН ӨҢІР" ЖШС

Директор-бас-редактор:  

Сәбит Лаханов

Тілшілер: 

Мадина Ералы

                  

                  

БАЙЛАНЫС

Электронная почта:  

oskenonir@mail.ru

LSK_2408@mail.ru

Телефон/факс:

8 (72535) 2-18-60

Бас-редактор:

8 (72535) 2-11-59

 

 МЕКЕНЖАЙ

«Өскен өңір» ЖШС.

Тіркеу куәлігі №11291-Г. 27.12.2010 ж.

Туркістан облысы.  Шардара ауданы, Шардара қаласы,  С.Аширов, 6 үй

 

 

Back to Top

© 2026 Өскен өңір