ЖОЛДАУДЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТЫҢДАДЫ
- Қаралды: 2104

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысының Жолдауын ауданның Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков және бірқатар еңбек ардагерлері тікелей эфир арқылы тыңдады.
ӘНДЕРІ МАҢ ДАЛАНЫ ТЕРБЕП ӨТКЕН
- Қаралды: 6191

ЛЕСБЕК АМАНОВТЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТТІ
Жерлесіміз, әйгілі сазгер, Шардара ауданының Құрметті азаматы Лесбек Анасұлы Аманов осыдан 7 жыл бұрын арамыздан озып еді. Әндері қазақтың паң даласын тербеген сазгер биыл 70 жасқа толар еді. «Ажал – айла таптырмас» деген, Алланың ісіне амалымыз жоқ. Бірақ артында қалған елі, өнерсүйер қауым Лекеңді ешқашан ұмытпақ емес. Сәрсенбі күні аудандық мәдениет сарайында Лесбек Амановтың 70 жылдығына орай «Қара бауыр қасқалдақ» атты облыстық ән байқауының өтуі сөзімізге дәлел болса керек.
СӨЗІН ТЫҢДАТЫП, ӨЗІН МОЙЫНДАТҚАН МЕЙІРХАН ЕДІ
- Қаралды: 6437

Дүниеге келген әрбір жанның, мынау қарбалас, тынымсыз тіршілікте алатын өзіндік орны, дәрежесі, сыйы, құрметі, абырой-атағы болары сөзсіз. Ал ол әр адамның еселі еңбегі мен тынымсыз ізденісіне, қажыр-қайраты мен адамгершілік қасиетіне, білім мен біліктілігіне, пайым-парасатына байланысты.
ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҚҰРМЕТТІ БОЛҒАН
- Қаралды: 6901

Шардара аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұжымы еңбек ардагерлерінің ерен еңбектерін насихаттауда сүбелі үлес қосып жүр. Осы мақсатта музей қабырғасында көрмелер ұйымдастырылып, кездесулер өтіп тұрады. Музей қызметкерлерінің апта барысындағы кезекті іс-шарасы «Еңбегін ел құрметтеген» атты көрме аясында ардагер құрылысшы, ауданымыздың Құрметті азаматы Ақбердиев Оралбай Бердалыұлының өміржолына арналды.
ЕЛДІҢ СӨЗІН СӨЙЛЕГЕН Т.ҚАНАЕВТЫҢ ЖАҢА ТУЫНДЫСЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
- Қаралды: 10961

Тұрғанбек Қанаев – өңірімізге белгілі ақын, қаламгер, еңбек ардагері. Шаруашылық жұмыстарымен қатар қолынан қаламын тастамаған Тұрекеңнің қаламынан туған туындылар туған елдің тұғырын биіктетіп, тұлғаларын жұртшылыққа танытты. Одан бөлек, халықтың мұң-мұқтажын да қаламына арқау етіп, диқандар қауымы үшін өзекті деген мәселелердің шешімін табуына үлес қосты.
ҒЫЛЫМ ЖОЛЫН ЖЕТІК МЕҢГЕРГЕН ЖАН ЕДІ НЕМЕСЕ ЕГЕМБЕРДІ АҒМАНОВ ТУРАЛЫ БІР ҮЗІК
- Қаралды: 10151

Шардарада еңбек етіп, одан кейінгі жылдардағы қызметін үлкен қалаларда жалғастырған танымал тұлғалар аз емес. Олардың әртүрлі салаларда атқарған абыройлы істері бұл күндері шардаралықтар үшін мақтаныш болып мәңгі есте қалды. Сондай абзал азаматтың бірі және танымал ғалым болған зиялы жан – Егемберді Ағманұлы Ағманов еді.
Парақ 212 барлығы 221





