БАЛАЛАР МЕКТЕПТЕ ТЕГІН ЫСТЫҚ ТАМАҚ ПЕН ДӘРІ-ДӘРМЕК АЛА АЛАДЫ
- Қаралды: 1081
Балалар мектепте тегін ыстық тамақ пен дәрі-дәрімек ала алады
Жаңа оқу жылы басталғанда еліміздің барлық өңірінде «Әлеуметтік әмиян» жобасы іске қосылады. Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып, eGov mobile мобильді қосымшасында «Әлеуметтік әмиян» арқылы мектептерде тегін тамақтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосты.
АТАМНЫҢ АТЫН – АУЫЛҒА, КӨКЕМНІҢ АТЫН – КӨШЕГЕ ҮЛЕСТІРЕ БЕРУДІҢ КЕЗІ КЕТКЕН
- Қаралды: 654

Кешегі аптада ауданымызда «Ономастикалық мәселелер мен ескерткіштерді орналастыруда қойылатын талаптар» тақырыбында көшпелі облыстық семинар өтті.
ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ПРОКУРОР АУДАН ХАЛҚЫМЕН ТАНЫСУДЫ АРДАГЕРЛЕРДЕН БАСТАДЫ
- Қаралды: 1362

Газетіміздің өткен нөмірінде әділет кеңесшісі Әлі Алмас Ермекұлының Шардара ауданына прокурор болып тағайындалғанын жазған болатынбыз. Аудан прокуроры болып тағайындала сала Алмас Ермекұлы аудан халқымен танысып, алғашқы жұмысын аудан ардагерлерімен кездесуден бастады.
Аудандық ардагерлер үйіндегі жиында жаңадан тағайындалған прокурорды ардагерлерге таныстырған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков аудан прокуратурасы мен аудан ардагерлері арасындағы ұзақ жылғы өзара байланыс жөнінде кеңінен әңгімелеп, алдағы уақытта бұл дәстүрдің жалғаса беретінін, жастар тәрбиесі мен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарға ардагерлер де атсалыса беретіндігін атап өтті.
Сонымен қатар еңбек ардагерлері – Жамантай Жаңабаев, Тәңірберді Ағманов, Оралбек Ақбердиев, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов, аудандық Қажылар қоғамдастығының төрағасы Дәулет қажы Үзденбаев, тағы басқалар аудан прокуроры болып тағайындалған Алмас Ермекұлының алдағы жұмыстарына жетістіктер тілеп, сонымен қатар өздерінің өтініштерін де білдірді. Таза ауыз су, жастар тәрбиесі, көлік қозғалысы бойынша орын алған кемшіліктерді жоюға атсалысуын өтінді.
Өз сөзінде Алмас Ермекұлы әрқашан аудан халқымен, оның ішінде ардагерлермен бірлесіп жұмыс істейтіндігін атап өтті.
Алғашқы жұмысын ақсақалдардан бата алудан бастаған Алмас Ермекұлының заңсыздықтарды жою бағытындағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.
«Өскен өңір» – ақпарат.
ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДАН КӨРІНДІ
- Қаралды: 792

Шілде айының 27-28-і күндері Ақтөбе қаласында грепплинг UWW спортынан жастар және жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
ШАРДАРА АУДАНЫ ҮЗДІК ҮШТІКТЕ
- Қаралды: 1638

2024 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өсім бар. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде айтылды, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
"ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНА" ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
- Қаралды: 820

22 шілдеде Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласовтың бұйрығына сәйкес, Мұсабеков Мейіржан Пердебекұлы (суретте сол жақта) аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшы болып тағайындалды.
Парақ 63 барлығы 221





