ИНФРАҚҰРЫЛЫМ БОЙЫНША ТЫҢ ЖОБАЛАР САРАЛАНДЫ
- Қаралды: 692

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Асанбай Махашевты қабылдап, бөлім тарапынан 2025 жылға жоспарланған жобалар туралы жұмыстарды талқылады.
ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
- Қаралды: 1343

Тамыз айының екінші жексенбісі – Құрылысшылар күні болып бекітілген. Осыған орай, ұзақ жылдар бойы еңбек сіңірген ардагер және еңбек етіп жүрген құрылысшыларға құрмет көрсетілді. Осы күні аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев құрылысшыларға облыс және аудан әкімінің, сондай-ақ, мәслихат хатшысының атынан салтанатты түрде Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырып, ыстық лебізін білдірді.
ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ
- Қаралды: 874

Аптаның сәрсенбісінде аудан әкімі Арман Қарсыбаев аудан тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға жауапты аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен қала, ауыл әкімдері қатысты.
ТҰРҒАНБЕК ҚАНАЕВТЫҢ ӘН ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
- Қаралды: 1626
Таяуда ақын, майталман мақташы, "Құрмет" орденінің иегері Тұрғанбек Қанаевтың баспадан тағы бір кітабы жарық көрді. Сиясы кеппеген жинақтың аты – «Шардарадан шырқалған әндер» деп аталады. Атауының өзінен-ақ ән жинағы екенін аңғаруға болады.
ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
- Қаралды: 623

Апта барысында аудан әкімі Арман Қарсыбаев қаладағы бірнеше нысанды аралады.
Ең алдымен қалаға кіреберіске барып, төрт қақпа маңындағы сәулеттік нысандардың жай-күйімен танысты. Сондай-ақ, Шардара-Келес және Жаушықұмға қарай бағытталған жолдың бойындағы жаңа саябақтың құрылысын бақылады.
ЕМХАНАҒА БАРАТЫН ЖАҢА ЖОЛ САЛЫНУДА
- Қаралды: 593

Аудандық емханаға барар жолдың тарлығы, "Жедел жәрдем" көліктері кеңсесіне барар жолды асфальттау мәселесі көптен бері көтеріліп жүрген. С.Әшіров көшесінен емханаға қарай бұрылған соң ары қарай көлікпен жүру тіпті қиын еді.
Парақ 62 барлығы 221





