АТА ЗАҢ МЕРЕКЕСІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАП ӨТІЛДІ
- Қаралды: 793

Бүгін 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Ата заңы, Конституциясы күні мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде «Азат елдің айбыны – Ата заң» атты концерттік шара өтті. Мерекелік жиын ҚР Әнұранымен бастау алып, аудан әкімінің міндетін атқарушы Бауыржан Шомпиев құттықтау сөз сөйледі.
АРДАГЕРЛЕР БАС ҚОСЫП, ҚОС МЕРЕКЕНІ АТАП ӨТТІ
- Қаралды: 1516

Аптаның сәрсенбісінде 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне және 31 тамыз – Германиядағы Кеңес әскерлері тобы (ГКӘТ) шығарылғанына 30 жыл толуына орай Қоссейіт ауылдық округі әкімдігі мен республикалық ГКӘТ, Варшава келісімшарты әскерлер тобы (ВКШӘТ) ардагерлері қоғамдық бірлестігі бірлесе отырып, аталған ауыл округінде алқалы жиын өткерді.
БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
- Қаралды: 626

Аудан әкімі А.Қарсыбаевтың тапсырмасымен, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев Көксу ауылында орналасқан Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аталған күрделі жөндеу жұмыстары келісім-шартқа сәйкес 2025 жылға өтпелі.
КЕЛЕШЕГІМІЗДІ ОЙЛАСАҚ, ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ТӘРБИЕСІН КӨЗДЕН ТАСА ЕТПЕЙІК
- Қаралды: 927

Аптаның сәрсенбісінде аудандық прокуратураның бастамасымен ұйымдастырылған алқалы жиында осы мәселе күн тәртібіне қойылды.
«Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектес, перекурсорларды насихаттау және жарнамалауына тосқауыл қою» атты тақырыпта өткен жиынға білім беру ұйымдарының басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, халық белсенділері, «Жастар орталығының» қызметкерлері қатысты.
ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРАЛАР МЕН ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
- Қаралды: 652

Апта барысында «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының ұйытқы болуымен аудандық полиция және төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен ауқымды жиын өтті. Басқосуға аудандық полиция бөлімі, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, №40 өрт сөндіру және №38 жеке өрт сөндіру бекетінің жеке құрам қызметкерлері қатысты. Жиынды «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Бекет Ережеп Құдайбергенұлы жүргізіп отырды.
ШЕКАРАШЫЛАР КҮНІ САЛТАНАТПЕН АТАЛДЫ
- Қаралды: 804

Шардара қаласындағы Орталық стадионда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Шекара қызметінің құрылғанына 32 жыл толуына орай, жастарға әскери патриоттық тәрбие беру, жастарды Отан қорғауға дайындау мақсатында «Шардара шекара бөлімінің» ұйымдастыруымен 18 тамыз күні «Шекарашылар күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара болып өтті.
Парақ 60 барлығы 221





