«Еңбек – ер атандырады» демекші, арамызда елдің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтар аз емес, оларға артылар жүк те ауыр. Олар – өзінің емес, өзгенің игілігі үшін тер төгіп жүрген жандар. Сондықтан еңбектері ерен. Ондай еңбекті қалай дәріптесек те жарасымды.

Таяуда Шардара орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің белді қызмет- кері,  жанына қаламды серік еткен Жарқынбек Шайманұлы (суретте сол жақта) ағамыздың құрастыруымен Шардара орман шаруашылығының тарихынан сыр шертетін «Табиғат – туған анамыз» атты кітабы жарық көрді.

Биылғы жылы Шардара аудандық тарихи-өлкетану музейінде ауданымыздағы көзі тірі еңбек ардагерлерінің өмірі мен ел үшін еткен қызметтерінен тарихи мағлұмат беретін көрмелер ұйымдастыру жоспарланған болатын. Музейдегі көрме аясында ұйымдастырылған «Ардагер Ағманұлы» деген атпен сәуір айының 18 жұлдызында іс-шара болып өтті.

Биыл қазақтың тіл білімінің атасы, ғалым-ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Ұлт ұстазы атанған тұлғаның мерейлі датасын еліміз бойынша кең көлемде атап өтіп жатыр. Мұндай шарадан біздің ауданымыз да құр алақан емес.

Биыл Шардара ауданында құны 1,8 млрд теңгені құрайтын 4 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы 20 сәуірде өткен брифингте өзінің жылдық есебінде Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай мәлімдеді.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев өз Жарлығында: «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Кездесулер барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін» деген болатын.