Өткен аптада Мемлекеттік рәміздер күні мерекесінің 30 жылдығына  арналған  «Рәміздерім – мақтанышым» атты   іс-шара аясында, Шардара қаласының ең биік нүктесінде орналасқан «Шежіре» саябағында ту көтеру рәсімі өтті.  

Бір қарағанда адам өмірі қас-қағымда өтіп кететін секілді болып көрінеді. Сол қас-қағым уақытты, мағыналы да мәнді, жарқын да қызықты, бақытты да, баянды етіп өткізу жұмыр басты пенденің ойы, арманы. Бақыттың базарында өткен күндеріңнің өнегелі, ұл-қыздарыңа үлгілі ғұмыр кешкеніңнен байқайсың.

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба, және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы  сабақтастықтың  жарқын көрінісі.

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында аудандық мәдениет сарайының алдында «Балалар жылы» аясында Шардара ауданының өнерпаз-шығармашыл оқушылары арасында «Бала – біздің болашағымыз!» атты өнер мерекесі өтті.

Қазіргі таңда БАҚ беттерінен балаларынан безінген әкелер мен аналар жайлы сұмдық хабарларды жиі оқып жатамыз. Ал ел ішінде өзгенің ұл-қыздарын өз балаларындай тәрбиелеп отырған жандар да аз емес. Сондай жүрегі мейірімге толы жандардың бірі – Наталья Зибирева десек қателеспейміз.

28 мамыр күні Шардара қаласының спорт кешенінде каратэ спортынан балалар және жасөспірімдер арасында облыстық чемпионаттың шымылдығы түрілді.