Апта басында аудан әкімі Қайрат Жолдыбай тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауда болған тұрғындар тарапынан тұрғын үй, көшені жарықтандыру және асфальт төсеу мәселесі, қаладағы ретсіз жатқан қоқыстарды тазалау, интернет желісін тарту, атаулы әлеуметтік көмек мәселесі, Алатау батыр ауылындағы бірқатар ағын су қашыртқыларын тазалау, медициналық пункт мәселесі, ПУИД-2 құрылысын үдету, жер мәселесі, көшеге тас төсеу және тағы да басқа әлуметтік мәселелер айтылды.

Газетіміздің алдыңғы сандарында «Amanat» партиясы Шардара аудандық филиалы жанынан «Парасат» пікірталас клубы құрылғанын хабарлаған болатынбыз.

Апта басында ардагерлер үйінде аудандық ардагерлер кеңесінің 3-ші пленумы өтті.

Халық даналығында мешітті Алланың жердегі үйі деп айтады. Дінді, имандылықты, адамгершілікті насихаттап отыратын мешіттің шынында қоғамда алар орны орасан. Олай болса, мешіттердің әр ауылда бой көтергені де мақұлдарлық іс.

Қазақта «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген сөз бар. Осы орайда мен ауданымызда алғаш рет мүгедектер қоғамдық бірлестігін құрып, оны ұзақ уақыт бойы басқарып келген Оңалбек Әшірбаев ағамызды ерекше атап өткім келеді.

Соңғы уақытта мектепті бітіргендеріне 20, 30, 40 жыл толған түлектер өздері білім алған білім ошағына, туып-өскен ауылдарына түрлі тартулар жасауды дәстүрге айналдырып келеді.