Қараша айының 3-4 күндері Шардара қаласында гір спортынан ересектер арасында Түркістан облысының ІV спартакиадасы өтті. Аталған жарысқа облысымыздың сайдың тасындай іріктелген спортшылары қатысты.

Спортсүйер қауым Түркия елінің Анталия қаласында қол күресінен 43-ші Әлем чемпионаты өтіп жатқанын жақсы білсе керек. Аталған әлемдік додаға Қазақстан құрамасының негізін құрайтын «Шардара-Армспорт» клубының спортшылары да қатысып, бақ сынап жатыр.

Өткен аптада Астана қаласында таэквондо (WT) спорт түрінен балалар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған  чемпионатқа еліміздің әр аймағынан үздік таэквондошылар жиналды. Осы жарыста Түркістан облысының атынан шыққан жерлес спортшыларымыз 1 алтын, 2 күміс, 2 қола алқаны қанжығаларына байлады.

\Еуропа елдерінде қарқынды дамыған, біздің елімізде енді ғана дамып келе жатқан олимпиадалық спорт түрі – найза лақтырудан Түркістан облысы бойынша ең алғаш Шардараның топырағынан шыққан спортшымыз Маман Нұрдәулет 11-17 қазан аралығында Кувейт елінде өтетін Азия чемпионатына жол тартты.

Өткен аптаның соңында Келес ауданында сол ауданның тумасы, футболдан ардагер спортшы, ұстаз Зупаров Раушан Мәуленұлының жүлдесі үшін 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстың ашық біріншілігі өтті.