- Қаралды: 650

Қаңтар айының 27-29-ы күндері аралығында Кентау қаласында қазақ күресінен жастар арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Аталған чемпионатта біздің аудан спортшылары да бақ сынады. Нәтижесінде аудан намысын қорғаған спортшыларымыз 2 алтын, 1 күміс алқаны қанжығаларына байлады.
- Қаралды: 661


21 қаңтар күні Түркия елінің Ыстамбул қаласында «East vs West 6» турнирінде жерлесіміз, «Шардара Армспорт» спорт клубының спортшысы, Әлемнің 10 дүркін чемпионы Айдархан Нұрдәулет Литва елінің атақты спортшысы, Әлем чемпионы, Әлем кубогының иегері Миндаугас Тарасайтис атты спортшымен 5 раундтық жекпе-жекке шығады.
- Қаралды: 605

Қаңтар айының 21-і күні Түркия елінің Ыстамбул қаласында «East vs West 6» турнирінде “Шардара Армспорт” спорт клубының спортшысы, су жаңа Әлем чемпионы, қол күрес әлемінде “The Surprise “ атағымен әйгілі Қыдырғали Онғарбаев Америка Құрама Штатының спортшысы, Әлем чемпионы, әлемге «Monster» атағымен әйгілі Майкл Тоддпен 5 раундтық жекпе-жекке келісім шартқа отырды.
Ыстамбул қаласында өтетін кезекті жекпе-жекке Қыдырғали қызу дайындығын бастап кетті. Жерлесімізге жарақатсыз дайындық өткізіп, жеңіс тұғырынан көрінуін тілейміз!
«Өскен өңір» – ақпарат.
- Қаралды: 653

Қараша айының 26-27-сі күндер аралығында Орал қаласында ересектер арасында грепплинг спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
- Қаралды: 736

Қараша айының 16-18 күндері Ордабасы ауданында «Балалар жылы» аясында ересектер арасында қазақ күресінен Түркістан облысының IV спартакиадасы өтті.
Парақ 10 барлығы 16





