Спортсүйер қауымның жадында болса керек, таяуда Норвегия елінің Лофтхус қаласында  армрестлингтен Әлем кубогы жарысы өткен болатын. Кешегі аптада осынау дүбірлі дода өз мәресіне жетті. Әлемнің түкір-түкпірінен жиналған құрыш білектілер сайысында біздің сайыпқыран жерлестеріміз ел намысын абыроймен қорғап шықты.

Қаңтар айының 15-17 жұлдызы аралығында Түркістан қаласында дзюдо күресінен жастар арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа Шардара ауданының балуандары да қатысып, бақ сынады.

Апта барысында аудандық мәдениет үйінде ұлттық спорт түрлерінен 2023 жылғы «Жыл үздіктері» атты шара өтті. Үздіктер көкпар, қазақ күресі, аударыспақ, тоғызқұмалақ, құсбегілік және асық ату секілді ұлттық спорт түрлері бойынша марапатталды.

Апта барысында Шардара қаласында аударыспақтан жасөспірімдер және ересектер арасында тұңғыш рет «Шардара ауданы әкімінің кубогы» өткізілді. Аталған жарысқа ауданымыздың түкпір-түкпірінен келген балуан жігіттер қатысып, өз бақтарын сынады.

Әр салмақ бойынша жеңімпаз деп танылған балуандарға арнайы диплом, грамота, кубоктар табыс етілді.

Өз тілшімізден.

 

Өткен аптаның соңында Шардара қаласында ядро лақтырудан 2008-2009, 2010-2011 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Шардара ауданы әкімінің кубогы» өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Айдаров сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.