АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ КҮН ТӘРТІБІНЕ ҚОЙЫЛДЫ
- Қаралды: 856

Аптаның сәрсенбісінде аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық мәслихат төрағасы Б.Мүтәлиев, кеңес мүшелері мен ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы қызметкерлері қатысты. Жиынды қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Нұрпейісов жүргізіп отырды.
БІРҒАНЫМ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
- Қаралды: 1187

27-29 сәуір күндері Өскемен қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиаданың республикалық кезеңіне еліміздің түкпір-түкпірінен білімде де дарынды оқушылар жиналды. Олардың қатарында ауданымыздағы М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының 11 «б» сынып оқушысы Серікбай Бірғаным да бақ сынады.
ЕРЛІКПЕН РУХТАНҒАН ҰРПАҚ БАБАЛАР АМАНАТЫНА АДАЛ
- Қаралды: 1196

Құрметті шардаралықтар!
Қадірлі тыл еңбеккерлері,
әскери қызметкерлер!
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 79 жылдық мерейтойымен және 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
ЖАСТАРДЫ КӘСІПТІҢ БАР ТҮРІНЕ ҮЙРЕТКЕН
- Қаралды: 1216

№16 КОЛЛЕДЖДЕ "АШЫҚ ЕСІК" КҮНІ ӨТТІ
Бүгінде мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық мекемелерде оқытылатын кәсіптер мен мамандықтардың түрленуіне аса көңіл аударып отыр. Кәсіби мамандарды даярлаудағы жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандартын жүзеге асырудың негізгі міндеті – ғылым мен білімді тәжірибемен ұштастыру.
ҚОС МЕРЕКЕНІҢ МАҢЫЗЫ МЕН МӘНІ АЙЫРЫҚША
- Қаралды: 1264

Қадірлі жерлестер!
Мамыр айында аталып өтетін Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекелерінің маңызы біздер үшін қашан да қымбат та ерекше болып саналады. Өйткені тәуелсіздік алған тұстардан бері едәуір уақыт аталып келе жатқан Отан қорғаушылар күні стратегиялық тұрғыда орны басым мереке.
ТІГІН ФАБРИКАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
- Қаралды: 665


Шардара қаласынан «Aqniet Holding» ЖШС-не қарасты «Шебер» қоғамдық бірлестігі іске қосылды. Өндіріс орнында тұрақты 50 адам жұмыспен қамту жоспарланған.
Парақ 70 барлығы 221





