БАЛАЛАР ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНДІ
- Қаралды: 1432

Бүкіл әлемде 1 маусым – Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, халықаралық мейрамдардың бірінен саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды.
ДАРЫНДЫ ШӘКІРТТЕР МЕКТЕППЕН ҚОШТАСТЫ
- Қаралды: 1633

Еліміз бойынша мектеп бітірушілерге арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасы ауданымыздағы мақтаулы мектептің бірі – М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатында жоғары дәрежеде аталып өтті. Іс-шараға кезінде осы мектептің қабырғасын қалаған ардагер ұстаздар, қазіргі таңда еңбек етіп жүрген мұғалімдер, ата-аналар қатысты. «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында өткен салтанатты шара Әнұранмен бастау алып, оқушылардың әсем әуендеріне ұласты.
СЫҢҒЫРЛАП СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ТҮЛЕКТЕР ҰШТЫ ҰЯДАН
- Қаралды: 1821

25 мамыр күні барлық білім ошақтарында «Мектебім, саған мың алғыс» тақырыбында мектеп бітіруші түлектермен қоштасу кештері өтті. Сондай шаралардың бірі «Шардара» мектеп-лицейінде ұйымдастырылды.
ЧЕМПИОНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
- Қаралды: 1344

Спортсүйер қауым жақсы білсе керек, таяуда қол күрестен Өзбекстан Республикасының астанасы – Ташкент қаласында Азия чемпионаты өткен болатын. Азияның алыптарымен еліміздің атынан күш сынасуға “Шардара Армспорт” қолкүресшілері аттанған еді. ҚР ұлттық құрамасының атынан бақ сынаған жерлестеріміз Азия құрлығында қарсылас шақ келтірмей 20 алтын медальді жеңіп алды. Жеңімпаздар кешегі аптада елге оралды.
ВИЦЕ-МИНИСТР ІССАПАРМЕН КЕЛДІ
- Қаралды: 1490

Қазақстан Республикасының Су ресурстары жене ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов Түркістан облысына іссапары барысында Шардара ауданына да арнайы ат басын бұрды. Вице-министр өз кезегінде аудандағы бірнеше нысандарды аралады.
ЕГІСТІК АЛҚАПТАР СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ИГЕРІЛУДЕ
- Қаралды: 1219

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында аймақтарға ауыл шаруашылығының егіс алқаптарында суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, мейлінше құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейту, су үнемдейтін технологияны көптеп ауқымды түрде енгізу қажеттілігі және суды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыру жөнінде тапсырма берген болатын.
Парақ 68 барлығы 221





