- Қаралды: 96

12-13 мамыр күндері Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «IBSA JUDO GRAND PRIX ASTANA» халықаралық турнирі өтті.
- Қаралды: 106

Күні кеше «Шардара Армспорт» клубында тағы бір тарихи белес бағындырылды.
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің 2026 жылғы 5 мамырдағы №171 бұйрығына сәйкес, ел намысын әлемдік және халықаралық ареналарда абыроймен қорғап жүрген қос саңлағымыз – Талғат Ақтаев пен Ердәулет Нұрмахан «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағына ие болды.
- Қаралды: 143

Биылғы 26-29 наурыз күндері аралығында Қарағанды қаласында дзюдо күресінен кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Байрақты бәсекеге біздің жерлестеріміз де қатысып, бақ сынаған болатын. Жарыс қорытындысы бойынша жерлесіміз Серік Темірлан 66 кг салмақ дәрежесінде қарсыластарына дес бермей, айқын басымдықпен ел чемпионы атанды.
- Қаралды: 152

Жуырда Шымкент қаласында ауыр атлетикадан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Дүбірлі додаға біздің жерлестеріміз де қатысып, кіл мықтының ішінде кім мықты екенін анықтады.
- Қаралды: 149

Қол күресінен 120-дан астам Әлем чемпионын тәрбиелеп шығарып, атақ-даңқы аспандаған «Шардара Армспорт» спорт клубының құрылғанына биыл 25 жыл толып отыр. Аталған спорт клубының негізін қалаушы – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Шардара ауданының Құрметті азаматы, ауданымыздың әкімі Арман Қарсыбаев.
Парақ 2 барлығы 16





