ТАЭКВОНДОШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ
- Қаралды: 1022

Қаңтар айының соңғы күндерінде Алматы қаласында спорттың таеквондо (ITF) түрінен балалар, жас жеткіншектер және жасөспірімдер арасында «ALMATY OPEN» халықаралық турнирі өтті. Бәсі жоғары халықаралық турнирге жерлестеріміз де қатысып, бақ сынаған болатын. Аталған турнирде өнер көрсеткен спортшыларымыз 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальді қанжығаларына байлады.
«ӘР ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ НАЗАРЫМЫЗДА»
- Қаралды: 914


Аптаның алғашқы күнінде аудан әкімі Арман Қарсыбаев аудан тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға жауапты аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен қала, ауыл әкімдері қатысты.
АУДАН ӘКІМІ ЧЕМПИОН ЖЕРЛЕСІМІЗДІ ҚАБЫЛДАДЫ
- Қаралды: 945

Жақында Түркия елінің Ыстамбұл қаласында қол күрестен Шығыс пен Батыс спортшылары арасындағы «East vs West 11» жекпе-жек сайысы өткен болатын.
Аталған сайыста қазақ елінің намысын қорғаған Нұрдаулет Айдархан әлем чемпионы Грузия елінің спортшысы Вала Ичкитиді 3-1 есебімен жеңіп, еліміздің абыройын асқақтатты. Осы- лайша, Шардара ауданының сайыпқыраны әлемде мықты екенін дәлелдей білді.
АУЫЛДАН ЖАҢА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ
- Қаралды: 936

Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде Қ.Сәтбаев көшесінің бойынан жеке кәсіпкер Нұржанова Әсия Мәмбетәліқызы
80 орындық «Айсұлтан» балабақшасын ашты.
САЙЛАУ – ДЕМОКРАТИЯ НЕГІЗДЕРІНІҢ БАСПАЛДАҒЫ
- Қаралды: 1088

Жыл сайын барлық елде ақпан айының бірінші бейсенбісінде 2005 жылы Будапешт қаласында (Венгрия) өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде құрылған және Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі. Биыл бұл мереке 1 ақпанда атап өтілмек.
ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ — БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
- Қаралды: 972

Аптаның бейсенбісінде жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың және қыздар арасында ерте жүктіліктің, өз-өзіне қол жұмсау, есірткіге қарсы психотроптық, күшті әсер ететін немесе улы заттардан қорғау, алкогольдік ішімдіктерді қолданудың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, аудандық ішкі саясат бөлімі жанындағы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында «Болашақты құру – бүгіннен басталады!» атты семинар өткізілді.
Парақ 80 барлығы 221





