РУХЫ БИІК ӘКЕЛЕР – ҰЛТ БОЛАШАҒЫН МӘПЕЛЕР
- Қаралды: 1094

Құзыры тау шыңдарынан жоғары тұратын әкелеріміздің орны бір бөлек. Адам баласының дүниеге келуіне себепкер болатын Алладан кейінгі әкенің орын ешкім баса алмайды. Әкеге деген құрмет бір сәт те толастамауы тиіс.
АҒЫН СУ ҚАШЫРТҚЫЛАРЫН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
- Қаралды: 993

Облыстық бюджет есебінен ауданның коммуналдық меншігіндегі ағын су нысандарын қайта қалпына келтіру және тазалау бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Тарата айтсақ, 2023 жылы аудандағы ауыл округтері әкімдіктерінің теңгеріміндегі каналдарға облыстық бюджет қаржысы есебінен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Қ.Тұрысбеков, Ақшеңгелді, Достық ауыл округтеріндегі каналдарға қаржы қарастыру жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ұсыныстар берілді.
АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
- Қаралды: 938
Аптаның сейсенбісінде ардагерлер үйінде алқа мәжілісі болып өтті. Іс-шараның ашылу кезеңінде Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков жиынның мазмұнын айтып, сөз сөйледі.
Жиынға қатысқан аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Асылхан Данияров, ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Байдулла Рахматуллаев, медиаторлар тобының жетекшісі Жанайдар Биту, Алатау батыр ауылдық округі бойынша бастауыш ұйымының төрағасы Сейсен Қуан, аудандық «Әкелер мектебінің» төрағасы Нұрғали Ыбырайымдар түйткілді мәселелерді айтып, шешімін қарастырды.
Жиынға қатысушы ардагерлер өскелең ұрпақтың ең алдымен тәлім-тәрбиесін нығайтып, әр баланы өз баламыздай көріп, жақсы мен жаманның ара жігін ажыратып беруге, қоғамды қалыпты ұстауға, еңбек етуді, мектеп қабырғасындағы балалардың жүріс-тұрысына аса мән беріп, зиянды заттардан аулақ ұстап, пайдалы дүниелермен айналысуға шақыру керектігін айтты.
Жиынды қорытындылаған Т.Бердібеков әріптестерін аудан халқының ынтымақ-бірлігі жолында жемісті жұмыстар атқаруға шақырды.
Мадина Досымқызы.
АУДАН ӘКІМІ БІРНЕШЕ НЫСАННЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
- Қаралды: 948

Апта барысында аудан әкімі Арман Қарсыбаев бір- қатар ауылдық округтерде болып, бірнеше нысанның жұмыстарымен танысты.
АУДАНДЫҚ СОТТА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛГЕН
- Қаралды: 962

Кешегі аптада аудандық сот төрағасы Светлана Ондыбаева аудандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері алдында арнайы брифинг өткізді. Брифингте С.Ондыбаева аудандық сотта 2023 жылы атқарылған жұмыстарды салыстырмалы түрде қорытындылады.
БІЗ ҮШІН АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ ЗАРДАБЫ АУЫР БОЛДЫ
- Қаралды: 952

Кешегі кеңестік дәуірде болып өткен Ауған соғысы біздің жүрегімізге ауыр жара салды. Біз сол қан майданның ортасында от пен оқтың астында жүрдік. Әрбір күні, әрбір сағатта, әрбір минут-секундта жанымыз шүберекке түйілгендей еді. Қазір «Бұл соғыс анандай мақсатта, мынандай мақсатта болды. Дәріптеп керегі жоқ» деушілер де табылуда. Бірақ біз сол кезде Отан алдындағы антымызға адалдық таныттық.
Парақ 78 барлығы 221





